×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Қазақстанда алтын мен сирек металдардың 50 кен орны аукционға қойылады

Қазақстанда алтын мен сирек металдардың 50 кен орны аукционға қойылады
Фото: immunocap.ru

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі маусым айында 50 қазақстандық кен орны жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында электронды аукционға қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУКЦИОНҒА ҚАНДАЙ ЕЛДЕР ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

MINEX-тің 15-тау-кен геологиялық форумында министрлік бұл кен орындарын 25 жылға дейінгі мерзімге лицензиямен өндіруге берілетінін жеткізді.

Ал шарт бойынша, компания тау-кен жұмыстарының жоспарын құрып, кен орнын игеру мерзімін көрсетуі керек. Аукцонға АҚШ, Еуроодақ және Қытайдан компаниялар өтініш білдірген. 

Бұл – баланста қорлары бар кен орындары. Біз оларды олжа ретінде пайдаланамыз. Бұл кен орындарында алтын, көмір, сирек металдар, полиметалдар шығарылады. Жақын арада ақпаратты жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында жариялаймыз. Нысандарды шығарған соң барлық ниет білдіруші аукционға қатыса алады. Ол үшін құжаттарды онлайн тапсырып, қатыса алады, — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Көшімов.

МЕМЛЕКЕТКЕ 20 ТОННА АЛТЫН ПАЙДА РЕТІНДЕ ҚОСЫЛҒАН

Мамандар мұндай аукциондар Қазақстанға инвестиция тартуға көмектесетінін айтады. Ал кейбір пайдалы қазбалар жиналатын орындар тиісті құжаттаманың болмауына байланысты әлі жарияланбаған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша бізде қатты пайдалы қазбалардың 23 кен орны болды. Олар алғаш рет мемлекеттік есепке алынды. Мәселен, алтын туралы айтсақ, мемлекетке 20 тонна алтын пайда ретінде қосылды. Сол секілді жыл сайын геологиялық барлау нәтижесі бойынша қорлар бекітіліп, мемлекеттік есепке қойылады және оны өндіруге тартады, — деді ол,.

Серіктес жаңалықтары