×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Тек бір нәрсемен келіспейміз: Шерзат Полат тарапының адвокаты

Тек бір нәрсемен келіспейміз: Шерзат Полат тарапының адвокаты
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мейірман Шекеев әзірге ашып еш нәрсе айта алмайтынын жеткізді. 

- Қаржаубай айыптау актін бүгін ғана естіп отыр. Қаржаубайды тергеу аяқталған кезде іс материалдарымен таныстырмады. Сондықтан оның пікірін айта алмаймыз. Адвокаттар бір нәрсемен келіспейміз. Оны сотта айтамыз. Қазір айта алмаймыз. Қалған айыптау актімен келісеміз, дейді адвокат. 

Сонымен қатар, Шекеев неліктен 11 күдіктінің тек 9-ы сот залында отырғанын түсіндірді. 

- Бастапқыда 13 адам болған. Оның екеуі іске қатысы болмағандықтан олар күдіктілер қатарынан шығарылды. Содан кейін екі қыздан тек куә ретінде жауап алынды, дейді адвокат. 

АЙЫПТАУ АКТІ

Еске салайық, бұған дейін прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берген еді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары