×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Ертең сағат 11-де: Дженнифер Лопестің концертіне билеттер туралы

10.04.2025, 20:05
Ертең сағат 11-де: Дженнифер Лопестің концертіне билеттер туралы
Ашық дереккөзден

Әйгілі Дженнифер Лопестің концертіне байланысты барлық дерек белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЛЕМДІК ЖҰЛДЫЗ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

АҚШ-тың танымал әншісі, әлемдік шоу-бизнестің жарық жұлдызы Дженнифер Лопес Астана қаласында концерт қояды. Бұл — 2025 жылдың ең көп күтілген музыкалық шараларының бірі. Концерт Лопестің әлемдік турнесі аясында өтеді.

БИЛЕТ САТЫЛУЫ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?

Ресми ақпарат бойынша, билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де сатылымға шығады. Бұл туралы «Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов СЦК-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

СПЕКУЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ ЖАҢА ЖҮЙЕ

Ұйымдастырушылар билет саудасында алыпсатарлықтың алдын алу үшін халықаралық стандарттарға сай арнайы жүйе енгізеді. Ең алдымен, сатып алушылар ваучер алады, ал жеке QR-код тек концертке үш күн қалғанда ғана беріледі. Әр карта не аккаунтқа 4 билеттен артық берілмейді.

БИЛЕТ БАҒАСЫ ҚАНША?

Билет құны 40 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін жетеді. Ал сахна алды орындардың бағасы — 180 000 теңге.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Шоудың ауқымы мен жұлдыздың мәртебесіне байланысты қауіпсіздік шаралары да ерекше болады. Концерт өтетін алаңда күзет күшейтіліп, арнайы шаралар қабылданады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, концертке қызығушылық жоғары, сондықтан билеттер санаулы сағаттарда-ақ сатылып кетуі мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Премьер-министр Олжас Бектенов Дженнифер Лопестің Астанаға келуін жоғары бағалап, мұндай деңгейдегі іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін айтқан. 

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНДАЙ ПАЙДА КЕЛЕДІ

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концертіне қатысты болжамды экономикалық әсермен бөлісті.

Оның айтуынша, концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Жалпы қала экономикасына түсетін түсім – 6,5 миллиард теңге шамасында болады. Бұл қаражат негізінен HoReCa (қонақүй, мейрамхана, тамақтану қызметі) саласына бағытталады.

Сонымен қатар, концерттен 400 миллион теңгеден астам салықтық түсім тікелей бюджетке құйылады.

Серіктес жаңалықтары