×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Қытайға қарсы соғыс басталды ма: АҚШ баж салығын 145%-ке өсірді

10.04.2025, 22:25
Қытайға қарсы соғыс басталды ма: АҚШ баж салығын 145%-ке  өсірді
Ашық дереккөзден

АҚШ Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығын 125 емес, 145 пайызға дейін көтерді. Бұл туралы 10 сәуірде Ақ үй ресми түрде түсініктеме берді. Наурыз айында енгізілген 20 пайыздық бастапқы баж салығына қосымша 125 пайыздық жаңа мөлшерлеме қосылған. Осылайша, Қытайдан келетін импорттық тауарларға салынатын жалпы баж салығы 145 пайызды құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМПТЫҢ СЕБЕБІ – ФЕНТАНИЛ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ САУДАСЫ

Президент Дональд Трамп бұл қатаң шараны Қытайдың фентанил есірткісіне қатысты әрекетсіздігімен түсіндірді. Оның айтуынша, Пекин жаһандық нарықтарға «дұрыс құрмет» көрсетпей отыр. Бұған дейін Трамп Қытай билігін есірткімен күресте әлсіздік танытты деп бірнеше рет сынға алған болатын.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАУАБЫ – АМЕРИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРҒА 84% БАЖ

Қытай да қарап қалмады. АҚШ-тың Қытай өнімдеріне баж салығын екі есеге – 20 пайызға дейін көтеруіне жауап ретінде, Пекин америкалық тауарларға арналған тарифті 34 пайыздан 84 пайызға дейін өсірді.

ТРАМП БАСҚА ЕЛДЕРГЕ ШЕГІНІС ЖАСАДЫ, БІРАҚ ҚЫТАЙҒА ЕМЕС

9 сәуірде Трамп көптеген елдерге арналған кедендік алымдарды 90 күнге тоқтату туралы шешім қабылдады. Алайда бұл шешім Қытайға қатысты күшіне енген жоқ. Керісінше, сол күні Қытай үшін 125 пайыздық жаңа баж салығы жарияланды.