×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Ұлттық банкте жалақы қоры мен сыйақы көбейген: Сүлейменов себебін атады

11.04.2025, 15:00
Ұлттық банкте жалақы қоры мен сыйақы көбейген: Сүлейменов себебін атады
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов соңғы жылдары өз ұжымында жалақы қоры не себепті екі есе ұлғайғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінгі брифиң барысында журналист 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта жалақы қоры 13 миллиардтан 28 миллиард теңгеге дейін артқанын, ал сыйақылар 8 миллиардтан 13 миллиард теңгеге дейін өскенін еске салды.

Бұл филиал желісінің кеңеюімен байланысты. Жаңа облыстар құрылғанда, Ұлттық банктің аймақтық бөлімшелері де ашылды. Сол себепті штат санын көбейтіп, филиалдардағы жалақыны өсірдік. Екіншіден, қазір Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің бүкіл бюджетін Ұлттық банктің өзі төлейді. Бұрын агенттік республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, алайда ол жақта белгілі бір қиындықтар болды. Сондықтан бұл міндет бізге жүктелді. Енді бұл – тек біздің емес, әріптестеріміздің де жалақысы. 2024 жылды қоса есептегенде, – деп түсіндірді ол.

Бүгінгі брифиңде ҰБ төрағасы Қазақстан көшелерінде валюта бағамы көрсетілетін таблоларды алып тастау туралы, сондай-ақ теңгенің девальвациясы жөніндегі алып-қашпа әңгімелерге де пікір білдірген еді.