×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Жас хоккейшілердің шағымы Тоқаевқа жетті ме

11.04.2025, 20:35
Жас хоккейшілердің шағымы Тоқаевқа жетті ме
Ulysmedia коллажы

«Барыс» хоккей клубының жасөспірім және балалар командаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл мәселеге қатысты президенттің сөзін баспасөз хатшысы жеткізді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Барыс" ДЮСШ тәрбиеленушілерінің 2025/26 жылғы маусымда Ресей біріншілігіне қатысуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Клубтың қаржылық міндеттемелері – отандық және шетелдік ойыншылар, бапкерлік құрам, сондай-ақ басқа да ұйымдар алдындағы қарыздары – бюджетті оңтайландыру арқылы шешілді», – деді Руслан Желдібай.

Сондай-ақ, клубтың қаржылық жағдайының нашарлауына алып келген лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданғаны атап өтілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

«Барыс» хоккей клубының жасөспірім және балалар командаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған.

Ата-аналардың басты шағымдарының бірі – клуб басшылығының жасөспірімдер командаларын Ресей біріншілігінен шығару ниеті. Дәл осы турнирге қатысу көптеген жылдар бойы қазақстандық хоккейшілерге бәсекелі ортада тәжірибе жинауға, шеберлігін арттыруға және кейін ұлттық құрама қатарын толықтыруға мүмкіндік берген.

Ата-аналар 2025 жылдың қаңтарында Ресейге сапарларды қаржыландыру мәселесі ушығып тұрғанын еске салды. Командалардың жарыстарға қатысуын тек Президенттің, Спорт министрлігінің араласуы және БАҚ-тағы кеңінен жариялау арқылы ғана қамтамасыз ету мүмкін болды.