×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Дәулет Тұрлыханов тағы бір лауазымынан айырылды

12.04.2025, 08:40
Дәулет Тұрлыханов тағы бір лауазымынан айырылды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Дәулет Тұрлыханов халықаралық күрес аренасындағы лауазымынынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұрлыханов жуырда өткен UWW ASIA президенті сайлауындағы жеңілісінен кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) бюросындағы орнын да жоғалтты.

2024 жылғы 24 наурызда Иорданияда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия чемпионаты кезінде өткен сайлаудан кейін әлемдік күрес қауымдастығы басшылығы ауысты. Дауыс беруге 38 ұлттық федерацияның өкілдері қатысып, нәтижесінде UWW Азия күрес одағының жаңа президенті болып йорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала сайланды. Ол 34 дауыс жинаған. Оның өкілеті 2028 жылға дейін жалғасады.

Бұл қызметті 2017 жылдан бері екі мерзім қатарынан атқарып келген Дәулет Тұрлыханов өз орнын жаңа басшыға береді.

ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ 

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны және жаттықтырушысы, Қазақстан Мәжілісінің депутаты. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

НҰРАСЫЛ БОЛАТТЫҢ ІСІ

2023 жылғы 11 ақпанда әскери қызметкер Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан еді.

2023 жылғы қазанда Алматы гарнизонының әскери соты депутаттың ұлына 1 млн 720 мың теңге айыппұл салған. Бұдан басқа, жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1,6 млн теңге сомасында шығын өндірілді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсіріп, ған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Осылайша, бірнеше инстанцияда қаралған іс жоғарғы сотқа жетіп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Нұрасыл Болатқа екі жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Сондай-ақ, моральдық зиянды өтеу сомасы әрқайсысына 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылған.

Кейінірек Нұрасыл Болаттың сот талаптарын орындамай, тойда жүргені белгілі болды. 2024 жылғы 22 қазанда сот отырысы өтті. Онда сот айыпталушыны колонияға 1 жыл 5 айға жіберу туралы қаулы шығарды.