×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

"Ақшаны алды, бірақ билет келмеді": қазақстандықтар Лопестің концертіне қатысты шағым айтып жатыр

12.04.2025, 13:21
"Ақшаны алды, бірақ билет келмеді": қазақстандықтар Лопестің концертіне қатысты шағым айтып жатыр
instagram.com/jlo/

Қазақстандықтар 1 тамызда Астанада өтуге тиіс Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алу барысында туындаған мәселелер туралы хабарлап жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстандықтар шағымын әлеуметтік желілерде жазып жатыр.

Instagram мен Threads қолданушылары Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алған кезде ақшаның шешілгенін, бірақ электрон поштаға билет келмегенін жазды.

– Төлем жасалды, бірақ билеттер келген жоқ, – деп жазып жатыр қазақстандықтар.

Желі қолданушылары билет сатуға қатысты наразылық білдіріп, "Астана Концерт" және "Тикетон" компанияларынан түсінік беруін талап етті.

ӘНШІНІҢ КОНЦЕРТІ

Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Қазақстанды өзінің әлемдік Up All Night турнесіне қосқан.

Концерт 2025 жылдың 1 тамызында Astana Arena стадионында өтеді. Бұл – Лопестің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі.

Тур әлемнің 15-ке жуық қаласын қамтиды, олардың арасында Анталья, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт және Варшава бар. Қазақстан – Орталық Азиядағы осы гастрольдік сапарға қосылған аз ғана елдің бірі, бұл шара жергілікті жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие.

Шамамен 15 мың шетелдік турист концертке келмек. Ал экономикалық әсері 6,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары