×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Каспийдің 37%-ы толық жойылып кетуі мүмкін: ғалымдардың қорқынышты болжамдары

13.04.2025, 15:33
Каспийдің 37%-ы толық жойылып кетуі мүмкін: ғалымдардың қорқынышты болжамдары
Ulysmedia коллажы

"Save the Caspian Sea" жаһандық экологиялық қозғалысы Nature журналында жарияланған Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және оның қоршаған орта, инфрақұрылым мен аймақ экономикасына әсері туралы ғылыми зерттеуге байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұлыбритания, Қазақстан және Ресей ғалымдарынан құралған халықаралық топ жүргізген зерттеу XXI ғасырдың соңына дейін Каспий суының төмендеуінің ықтимал сценарийлерін және олардың кең ауқымды салдарын жүйелі түрде талдады.

ДӘЙЕКСӨЗ

"Мақалада келтірілген ғылыми сурет біз күткен ең ауыр қауіптерді растайды. Каспий теңізі қарқынды тартылу кезеңінде және оның салдарын елемеуге болмайды", – дейді "Save the Caspian Sea" қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни.

ҚАНДАЙ ҚАУІП БАР?

Халықаралық зерттеу тіркеген негізгі деректер бойынша, жағымсыз сценарий іске асса, Каспий деңгейі 2100 жылға қарай 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Су 5 метрге азайса, каспий итбалығының көбею аумағы 81%-ға қысқарады. Теңіздің қорғалатын аймақтарының 94%-ы маңызын жоғалтады, ал аймақ экономикасы жыл сайын 10 миллиард доллардан астам шығынға ұшырауы ықтимал.

Егер су деңгейі 10 метрге түссе, бекіре тұқымдас балықтардың жаз-күзгі уылдырық шашатын жерлерінің 45%-ға жуығы жойылады, ал Ақтау порты судан 89 шақырым қашықта қалады. Су деңгейі сыни төмендеген жағдайда, Каспийдің 37% аумағы (шамамен 143 000 км² су беті) толық жойылуы мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, теңіз деңгейінің төмендеуі экожүйелердің тозуына, биоәртүрліліктің жоғалуына, кеме қатынасының бұзылуына, дәстүрлі кәсіптердің жойылуына және жағалаудағы қауымдастықтар дағдарысына әкеледі. Судың шегінуінен кейін пайда болатын жаңа құрлық учаскелері ауыл шаруашылығы мен қоныстануға жарамсыз болады. Қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі шекараларға негізделген тәсілдері өзектілігін жоғалтады.

Айта кетейік, 2005 жылдан 2023 жылға дейінгі мониторинг деректері бойынша, Каспий теңізі деңгейі 185 см-ге төмендеген, ал су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарған.

Серіктес жаңалықтары