×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

АҚШ-тың баж салығы: Қытай өзге елдерді бірігуге шақырды

АҚШ-тың баж салығы: Қытай өзге елдерді бірігуге шақырды
фото: ndu.edu

Қытай билігі АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген сауда баж салығына қарсы өзге елдерді біріктіру мақсатында Бейжіңдегі мемлекеттік қызметкерлерді жұмылдырып, дипломатиялық қимылдарын жандандырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСТЫ РӨЛ

Reuters дереккөзі таратқан мәліметке сәйкес, жауапты шараларды әзірлеуде басты рөлді Қытай коммунистік партиясының өкілдері өз мойнына алған. Ел ішінде Мао Цзэдунның табандылық пен ымырасыздыққа шақырған үндеулері бар видеожазбалар әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратыла бастады.

ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТТАРЫ

Қытайдың сыртқы істер және сауда министрліктерінің қызметкерлеріне демалысқа шығуға тыйым салынып, жұмысқа үнемі дайын болу туралы бұйрық берілген. Қытай дипломаттары АҚШ-тың кедендік тарифтерінен зардап шеккен елдерге қолдау сұрап хат жолдаған және АҚШ-тың дәстүрлі серіктестері – Еуропа, Жапония мен Оңтүстік Кореямен келіссөздер бастаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

10 сәуірде АҚШ Қытайдан әкелінетін барлық тауарларға кедендік баж салығын 125%-дан 145%-ға дейін көтерді. Бұған жауап ретінде Қытай да АҚШ-тан келетін тауарларға салынатын салықты 84%-дан 125%-ға дейін ұлғайтты.

Осы жағдайдан кейін Дональд Трамп АҚШ электроника мен жартылай өткізгіштерге қатысты бүкіл жеткізу тізбегін тексеру үшін арнайы тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары