×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Қазақстанда тек жекелеген банктер мемлекет қаржысы есебінен құтқарылады

14.04.2025, 16:45
Қазақстанда тек жекелеген банктер мемлекет қаржысы есебінен құтқарылады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда төлем қабілетін жоғалтқан банктерді реттеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төлем қабілеті жоқ банктерді реттеу жүйесін реформалауға бағытталған заңнамалық өзгерістерді әзірлеген. Бұл жаңашылдықтар «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасына енгізілді.

Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, банктерді реттеу үшін үш сатылы жүйе енгізіледі: қатаң қадағалау, қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру режимі және реттеу режимі. Заңда бұл кезеңдердің әрқайсысы нақты көрсетілген: келесі сатыға өту белгілері, реттеуші тарапынан жасалатын әрекеттер мен банктің күтілетін қадамдары анықталған.

Қаржылық жағдайдың нашарлауына қатысты алғашқы белгілер байқалған кезде банкке қатысты қадағалау күшейіп, қалпына келтіру жоспары өзектендіріледі. Егер жағдай әрі қарай ушығатын болса, қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру режимі іске қосылып, қосымша шаралар қабылданады. Соңғы кезеңде төлем қабілетін жоғалтты деп танылған банкке уақытша әкімшілік енгізіліп, өміршеңдігін бағалау рәсімі жүргізіледі, – дейді агенттік өкілдері.

Сонымен қатар заң жобасында банктерге қалпына келтіру жоспарларын әзірлеп, үнемі жаңартып отыру міндеті жүктеледі. Ал реттеуші орган – төлем қабілеті жоқ банктерді реттеу бойынша жоспарларды жасап, жаңартып отыруға тиіс болады.

Маңызды элементтердің бірі – жүйелік маңызы бар банктерге қойылатын талаптарды күшейту. Бұл олардың тұрақтылығын арттырып, шығындарды сіңіру қабілетін күшейтуге бағытталған. Мұндай өзгерістер теріс сценарийлер орын алған жағдайда, мемлекет қаржысын пайдалану қажеттілігін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қаражат тек ерекше жағдайларда және жүйелік маңызы бар банктерге ғана қолданылады. Агенттіктің мәліметінше, мұндай қадам қаржы жүйесіне теріс әсерді азайтып, проблемалық банктерді реттеу үшін мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануға жол ашады.

Бұған дейін барлық банктер үшін бірыңғай QR-кодты енгізудің нақты мерзімі жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары