×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Биыл жаз ыстық болады – экология министрі ескерту жасады

15.04.2025, 10:40
Биыл жаз ыстық болады – экология министрі ескерту жасады
Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда биыл жаз ыстық болатынын, соған байланысты әкімдер өрт қауіпсіздігіне жіті мән беруі керектігін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗГИДРОМЕТ ЕСКЕРТТІ

Нысанбаевтың айтуынша, Қазгидрометтің болжамына сәйкес биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады.

Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет. Министрлік өз кезегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды толыққанды жауынгерлік әзірлікке келтіру және мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерінің алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаып жатыр, – дейді ол Үкіметте.

Министрдің сөзінше, биыл 7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман шаруашылықтары және «Семей орманы» резерваты өрт маусымына дайын болмаған. Министрлік тексеріс нәтижелері бойынша облыс әкімдіктеріне 15 сәуіріне дейін анықталған кемшіліктерді жою және техника мен жеке құрамды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша талаптар ұсынған.

Ал жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га құрайтын 32 орман өрті тіркелген.

Серіктес жаңалықтары