Израильмен қарулы қақтығыс басталғалы бері Газа секторында қаза тапқандар саны 51 мыңнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, ақпарат құралдары жазды. Министрлік дерегінше, көз жұмғандар саны одан көп болуы мүмкін.
Құтқарушылардың қираған ғимараттардың астында қалғандарға жете алмауы салдарынан көп адамның мәйіті әлі үйінді астында жатыр, – делінген хабарламада.
Қақтығыс басталғалы бері Газа секторында 116 мыңнан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының бұған дейінгі мәліметінше, Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың басым бөлігін әйелдер мен балалар.
2023 жылдың 7 қазаны Израиль мен Палестина арасындағы текетірестің жаңа кезеңге өтуіне себеп болды. Сол күні ХАМАС тобы Израильге ірі шабуыл ұйымдастырған. Жауап ретінде Израиль Газа секторына қарсы әуе және артиллериялық соққылар жасап, "Темір қылыштар соғысы" деген атаумен ресми түрде соғыс жариялады.