«БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповке қордың штат саны мен топ-менеджерлердің айлығы жайлы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президент биыл үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет ақшасына қатысы бар ұйымдардың бәрін көрпеге қарап көсілуге шақырған еді. Осы ретте БЖЗҚ штат санын қысқартып, оңтайландыру жағын ойлап жатқан жоқ па? Топ-менеджерлерінің айлығы жайлы не дейді? Бұл сұрақты бүгін Ұлттық банкте Ulysmedia.kz тілшісі «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповке қойды.
Бірнеше жылдан бері БЖЗҚ өз процестерін автоматтандырып жатыр. Бізде артық қызметкерлер жоқ. 30 пайызы осы кезге дейін қысқартылды осы кезге дейін. Бізде қызмет атқарып жатқан мамандардың 80 пайызы өңірлерде халықпен қызмет атқаратын мамандар. Өздерінің зейнетақы жинағы жайлы азаматтарға ақпарат беретін бірден-бір компания – БЖЗҚ. Бұрынғыдай меншік компаниялар арқылы жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан, Қазақстан азаматтарының сұраныстарына байланысты сондай мүмкіндік жасап отырмыз. Телефоннан хабарласса да қызмет атқарылып жатыр, – дейді ол.
Қордың топ-менеджерлері қанша және олар қанша айлық, сыйақы алады деген сұраққа спикер «ол мәселе менің құзырыма кірмейді, мен оны білмеймін де» деп жауап берді.