×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Қысымым көтеріліп тұр»: Шерзаттың әжесі сотты Алматыда өткізуді өтінді

17.04.2025, 11:33
«Қысымым көтеріліп тұр»: Шерзаттың әжесі сотты Алматыда өткізуді өтінді
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полаттың ісінде жәбірленушілер де, сотталушылар да сотты Алматыда өткізуді өтінді. Судья келіспеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СУДЬЯ: СОТ БӘРІБІР ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТЕДІ

Сотталушылардың әке-шешелері қазір сот залында тұр.

«Біз де сотталушылардың қорғаушыларымыз. Қаулымыз бар. Біз де қатысуды сұраймыз», - дейді олар.

Судья оларға: «адвокаттармен бірдей құқықтарыңыз бар. Соттан сөз сұрауға болады» деді судья.

Судья Баймаханов сот залында сотталушыларды қорғауға құқығымыз бұзылып отыр деп мәлімдеді.

Сотталушылдармен сөйлесе алмаймыз. Ешқандай жағынан келе алмаймыз. Жолатпайды. Олармен сұрақтар болған жағдайда келісу мүмкін емес. Сонымен қатар, Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ дедіңіз. Алматы облысында ешқашан тергеу изоляторы болмаған. Бірақ Алматыда қылмыс жасағандардың бәрі 72-ші мекемеде отыр. Бізге де, жәбірленушілерге де бәріне Талдықорғанға келу ауыр. Болашақта процес бұлай кете берсе дұрыс жүрмейді. Мен өтініш жолдадым. Сізден талап ететініміз: Алматыда ЛА-72 мекемесінде сот отырысын тағайындауды сұраймыз, - деді адвокаттардың бірі.

Судья Ержан Жанұзақов іздер сот отырысына келген кезде сотталушылармен жеке кездесіп, сот отырысына дайын болып келулеріңіз керек болған деп жауап берді.

Ұстанымдарыңызды сол жерде айқындау керек еді. Келесі сот отырысында сотталушылармен жеке кездесіп, дайын болып келуді сұраймын. Мұнда сотталушылармен сөйлесудің қажеті жоқ. Талдықорғанда сот өте береді. Сот сол ұстанымда қалады. Алдын ала тыңдау кезінде айтылды: әр аптаның бейсенбі, жұма күндері сот отырыстары өтеді. Осында өткізіледі, – деді ол.

ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР ДЕ СОНЫ СҰРАДЫ

Жәбірленуші тарап та сотты Алматыда өткізуді өтінген. Олар Талдықорғанға әр сот процесі сайын жету қиын екенін жеткізді. Шерзаттың әжесі “қысымым бірде түсіп, бірде көтеріліп тұр. Алматы облысына сотты ауыстыруды өтінемін” деп сұрады. Бірақ судья оған егер үлкен кісі сотқа қатыса алмаса, кейбір процестерді өткізуіне болатынын жеткізді. Сот бәрібір Талдықорғанда өтетінін айтты.

Сот процесі жалғасып жатыр.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Серіктес жаңалықтары