×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

«Кішкентай Бишімбаев»: балабақшада буллингке ұшыраған бүлдіршін

17.04.2025, 20:30
«Кішкентай Бишімбаев»: балабақшада буллингке ұшыраған бүлдіршін
Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне  17 сәуірде екі жасар баланың анасы жеке балабақшада буллингке ұшырағаны жөнінде шағымданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АНА ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНҒА ЖҮГІНІП, ЖАҒДАЙДЫ ТОЛЫҚ БАЙАНДАҒАН

Комитет мәліметінше, шағымданушы ана Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспановамен кездесіп, болған оқиға туралы жан-жақты айтып берген. 

Оның айтуынша, ұлы балабақшада «қалыпсыз, агрессивті, кішкентай Бишімбаев» деп аталып, буллингке ұшыраған. 

РЕСМИ ТЕКСЕРІС ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Кездесу қорытындысы бойынша тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданды. 28 сәуірде білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті тиісті тексеруді бастайды.

Комитет өкілдері балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты кез келген шағым назардан тыс қалмайтынын, әр баланың қауіпсіз орта мен құрметке лайық екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары