Ақтөбеде тергеу абақтысына адам сыймай жатыр. Себебі әбден тозығы жеткен ғимараттың бір бөлігін мүлдем жауып тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КТК ақпаратынша темір тормен қоршалған бұл жерден күдіктінің сытылып кетуі де оңай сияқты. Себебі абақтының қабырғасы қақырап, кірпіші сөгіліп жатыр, төбесі де тесік. Тоқсан жыл бұрын салынған тергеу мекемесінде «адам тұруға болмайды» деген мамандардың шешімі де бар.
Қазір осында сотқа дейін тергеліп жатқан 300-ден аса күдікті абақтының төрт қабырғада тығылысып отыруға мәжбүр. Камералардың аздығы мен қамауда отырып үйінді астында қалу қауіпі болғандықтан, осылай істеуге тура келеді дейді басшылар. Тексеру жүргізгендер абақты ғимараты құламай тұрғанда «дереу сүріп тастаңдар» деген қорытынды да шығарған.
“Корпустың бір жағы толығымен апаттық деп танылған. ол жерде тергеуге оқшауланған адам ұсталмайды. Ол жерде бір-екі апатты камера бар. Былтыр мемлекеттік сәулет басқармасынан зерттеу жүргізген, оның қортындысы да бар” дейді Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы алқабилер шығарған үкімнің күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберген.
Алқабилер түрмеде отырғандарды азаптаумен айналысқандарды ақтау туралы шешім шығарған болатын. Бүгін Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімінің күші жойылды.