×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Шерзат ісі. Сотталушылармен бірге келген куәгер әйел тергеуде берген жауабынан шатасты

18.04.2025, 18:59
Шерзат ісі. Сотталушылармен бірге келген куәгер әйел тергеуде берген жауабынан шатасты
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді. Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен бірге «Қамажай» дүкенінің алдына келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Эльмира Нұрбекова 1992 жылы туған. Оны кафеге сотталушылардың бірі шақырған. Бәрі кафеде отырғаннан кейін сотталушы жігіттермен бірге дүкеннің алдына жеткен. Төбелес кезінде Эльмира Нұрбекова жігіттерге тыныштандыруға тырысқанын айтады.

Нұрқиясты біреу ұрып жіберді. Кім екенін білмеймін, бірақ Нұрқияс құлап қалды. Осыдан кейін сұр жейде киген бір бала жүгіріп шықты. Кепкісі, сақалы есімде. Ол атып шықты да, айғайлап, ауаға бір рет оқ атты. Осыдан кейін қаруды жігіттерге қарата көздеп, бірнеше рет артқа қадам жасап, тағы бір гүрс еткізді. Мен сол кезде Дана жаққа қарай жүгіріп бардым. Равиль мен Дана тұрды. Равильді құшақтап ұстап, «тынышталыңдаршы, төбелеспеңдерші» деп сұрадым. Барынша басу айттым. Ол жұлқына шығып, төбелес жаққа жүгіріп кетті. Ал мен Мерседес көлігі жаққа кетіп қалдым. Өйткені ол жерде Дана тұр еді. Не істерімізді білмедік. Мен сол кезде көмек сұраған әйелдің дауысын естідім. Жол жаққа шықсам бәрі ары-бері жүгіріп жүр екен. Түсініксіз жағдай болды. Қара куртка киген бір жігітті тартып қалдым, «тынышталыңдар» дедім. Еденде ес-түссіз сұр жейде киген жігіт жатыр екен. Мен де сол жерде сасқалақтап, сондай күйде тұрып қалдым», - деп куәгер жауап берді.

Эльмира Нұрбекова жолдың үстінде бір әйел ұялы телефонмен түсіріп жатқанын айтады. Оған «неге түсіріп тұрсыз? Жедел жәрдем шақырыңыз» деп айғайлағанын, осыдан кейін өзін көлікке жетектеп алып кеткенін айтады. Кім жетектеп әкеткенін есіне түсіре алмады. Ол көлікте Нұрқияс, Дана, Равиль отырған. Бәрі көлікпен оқиға орнына кетіп қалған.

Куәгер сот барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Эльмира Нұрбекованың тергеу барысында берген жауабын оқыды. Ол кезде Нұрбекова «баланың мамасы «көмектесіңдер, баламды өлтіріп жатыр деп айғайлады. Ары қарай мен де жүгіріп барып, арасына қара түсті күрте киген адамды тартып алдым. Бір кезде қарасам, мылтықты алып шыққан бала жерде жатыр екен. Үсті қан болды. Бала ішімен жатқан кезде Абзал қолындағы пышағымен арқа жағынан ұрып жатқанын көрдім және «қойыңдар» деген кезде Равиль мені көлік жаққа барды да, көлікке отыр деп кетті» деп жауап берген. Бірақ бұл сөзін Нұрбекова сот кезінде растамай, басқаша жауап берді.

Мен ол кезде есеңгіреген күйде едім. Мен жауапты орысша бердім. Видеоны көрсетсеңіз болады, - деді куәгер.

Адвокат оған «сіз қылмыстық жауапкершілік бары жөнінде ескертілдіңіз, сонда осы жауаптан бас тартып отырсыз ба?» деп сұрады.

Мен жауабымнан бас тартпаймын. Мен барлық шындықты айтып отырмын. Қалай болды – солай айтып отырмын», - деді Эльмира Нұрбекова.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Ulysmedia.kz порталынан материал көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

Серіктес жаңалықтары