×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Елшілік: АҚШ-та заңсыз жүргендерге депортация мен санкция қаупі төніп тұр

Бүгін, 09:35
Елшілік: АҚШ-та заңсыз жүргендерге депортация мен санкция қаупі төніп тұр
Ulysmedia

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі отандастарымызға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Елшілік АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға CBP Home мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен еліне оралуға шақырып жатқанын еске салды.

ӨЗ ЕРКІМЕН КЕТСЕ...

CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:

  • Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;
  • АҚШ-та жұмыс істеп, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;
  • Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
  • Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
  • Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.

ӨЗ ЕРКІМЕН ЕЛІНЕ ҚАЙТПАҒАН ЖАҒДАЙДА...

  • Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алады.
  • Айыппұлдар мен санкциялар. Егер азамат депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі (бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін). Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады. Сонымен қатар CBP Home арқылы қайтатынын білдіріп, еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл салынады;
  • АҚШ-қа қайта баруға тыйым салынады. АҚШ аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан көші-қон жүйесі арқылы бас тарту.

Елшілік осы себепті жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға үндеді.

ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАРҒА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ОПЕРАЦИЯ

Еске салайық, биыл қаңтарда Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ тарихындағы ең ірі заңсыз мигранттарды депортациялау операциясын жүргізуге және бұл үшін алғаш рет әскери ұшақтарды тартуға ниетті екендігін мәлім еткен.

Дональд Трамп командасының иммиграция және мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі кураторы Томас Хоманның айтуынша, АҚШ-та 11 миллионға жуық шетелдік заңды негізсіз өмір сүріп жатыр. BBC News-ке берген сұхбатында ол жаңа басшылық кезінде АҚШ-тағы көші-қон қызметтері заңсыз иммигранттардың кез келгенін тұтқындауы мүмкін екенін, сондай-ақ бұрын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндерді іздеуге басымдық берілгенін айтты.

Ақпан айында Азия елдерінен келген мигранттар тобы АҚШ-тан жер аударылып, Коста-Рикаға жеткізілгенін бұған дейін жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары