×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Павлодарлық жас футболшылар апатқа ұшырады: бапкер қаза тапты, балалар ауруханада

Бүгін, 11:38
Павлодарлық жас футболшылар апатқа ұшырады: бапкер қаза тапты, балалар ауруханада
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында Павлодардан шыққан балалар футбол командасы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға 18 сәуір күні "Астана – Ерейментау – Шідерті" тасжолында болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes маркалы шағын автобус жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде көлікті аударып алған.

Автобуста 14-16 жас аралығындағы 16 бала мен олардың бапкері болған. Апат салдарынан бапкер оқиға орнында көз жұмды. Балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жеке спорт мектебінің басшылығы полиция қызметкерлерін хабардар етпей, балаларды жарысқа жібергені анықталды. Осыған байланысты патрульдік көліктердің ілесіп жүруі ұйымдастырылмаған. Бұл жайт бойынша да тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары