×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Қазақстанда балаларға арналған сим-карталар сынақтан өткізіліп жатыр

Бүгін, 15:24
Қазақстанда балаларға арналған сим-карталар сынақтан өткізіліп жатыр
Ашық дереккөзден

Қазақстанда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғай алатын сим-карталар сынақтан өткізіле бастады. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

SIM KIDS ДЕГЕН НЕ?

SIM KIDS атты пилоттық жоба байланыс операторларымен бірлесіп Алматыда іске қосылды.

Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта.

Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.

Асыловтың сөзінше, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.

 

Серіктес жаңалықтары