×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Қонақтардан ұят: астаналықтар лас автобустарға шағымданып жатыр

Бүгін, 14:26
Қонақтардан ұят: астаналықтар лас автобустарға шағымданып жатыр
әлеуметтік желіден

Астана тұрғындары қалалық қоғамдық көліктегі тазалық мәселесін көтерді. Әлеуметтік желілерде автобустардың ішіндегі лас жағдайға байланысты шағым тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірі автобус салонындағы жағдайды сынап, жазба жариялады. Жазба авторы №14 бағыттағы автобустың ішіндегі ахуалға наразылық білдірген. Оның айтуынша, автобустың іші шаң, құм және лас.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Сәлеметсіздер ме, №14 маршрут өте лас, ішінде шаң мен құм бар. Автобустарды неге парк ішінде жумайды? Бұл – әсіресе Астанаға келетін қонақтар алдында өте ұят жағдай, – делінген жазбада.

Жазба астындағы пікірлерде қолданушылар авторды қолдап, тазалық мәселесі тек №14 бағытқа ғана емес, басқа маршруттарға да қатысты екенін атап өтті.

Қала тұрғындары тиісті қызметтерден шара қолданып, автобустардың ішін ретке келтіруді сұрап отыр.

Астанада №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілгенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары