×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Танымал блогер кезекті қайғылы оқиғадан кейін Алматыдағы марафондарды сынға алды

Бүгін, 17:30
Танымал блогер кезекті қайғылы оқиғадан кейін Алматыдағы марафондарды сынға алды
Pixabay.com

Қазақстандық танымал қоғам белсендісі әрі блогер Ғалым Байтук Алматыдағы марафондардың өткізілуін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Almaty Half Marathon жарысына қатысқан екі адамның қаза тапқаны белгілі болды. Қайтыс болғандар — 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади.

Ғалым Байтуктің айтуынша, бұл — марафон кезінде адамның қаза табу фактісі алғаш рет болып отырған жағдай емес, мұндай оқиғалар жыл сайын қайталанып тұрады.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Алматы марафоны кезінде екі адам көз жұмды. Егер әрбір қаза тапқан адамның құрметіне кенотаф орнатсақ, Алматы мен Астананың көшелері бір күні қорқынышты көрініске айналады, – деп жазды ол.

Блогердің пікірінше, Алматыда ауа сапасының нашар екенін ескеріп, мұндай марафондарды мүлдем өткізбеу керек.

– Марафондарда өлім-жітімнің көбею себебі неде? Біріншіден — ковид. Бұл аурудан кейін көп адамның ағзасында түрлі бұзылулар байқалады: бірінің есте сақтау қабілеті нашарлайды, бірінің буындары ауырады, енді бірінің жүрегі әлсірейді. Сондықтан тіпті спортқа бейім, шыныққан адамның да аяқасты денсаулығы сыр беруі мүмкін.

Екіншіден, Алматыда мүлдем марафон жүгірмеу керек! Қаладағы ауадағы лас заттар тым көп, адамдар оны жай жүргенде де жұтып жүреді. Ал жүгіру кезінде зиянды заттар ағзаға одан да көп мөлшерде енеді. Жүгіретін болсаңыздар, ең жақын әрі таза ауа — Қонаевта, – деп жазды ол.

МАРАФОНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бүгін, 20 сәуірде Алматы жартылай марафонының екі қатысушысы қаза тапқаны белгілі болды. Қарт адам кенеттен ауырып, жас жігіт есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше екеуі де көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың өлімінің себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары