Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып мерт болды
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Оқиға Мерке ауданы Сарымолдаева ауылында болған. 19 сәуірде кәмелетке толмаған үш қыз газдан уланып, мерт болды.
Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, үш, бес және жеті жастағы қыздар үйде жалғыз болған.
Сенбі күні таңертең анасы оларды сырттан жауып, кетіп қалған. Үйіне келгенде газдың иісін сезген. Есінен танып қалған қыздарды анасы ауруханаға апарғанымен, кеш болған. Олар есін жимай, реанимацияда көз жұмған.
Еске салайық, 2 наурызда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында жеке тұрғын үйде бір отбасының жеті адамы газдан уланып, қайтыс болған еді.