×
$
458.85
€
503.5
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.85
€
503.5
₽
5.59

«Жылдар бойы ұрып келген»: Жамбыл облысында комаға түскен әйел ауруханада көз жұмды

Бүгін, 10:16
«Жылдар бойы ұрып келген»: Жамбыл облысында комаға түскен әйел ауруханада көз жұмды
Ulysmedia коллажы

Жамбыл облысының Шу қаласында бұрын бірге тұрған ер адамның соққысынан кейін комаға түскен әйел ауруханада қайтыс болды. Ол бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

1976 жылы туған әйелдің қайтыс болғаны туралы оның қыздарына сілтеме жасап, «НеМолчи.kz» қоры мәлімдеді.

– Қыздары жаңа ғана хабарласты. Олар ауруханаға барып, үйге қайтып келген кезде дәрігерлер телефон соққан. Аналары қайтыс болыпты, – делінген қордың жазбасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі департаменттің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысын басқарма басшысы жеке бақылауына алған.

Жедел жәрдемді 10 сағаттан кейін шақырған

Қордың мәліметінше, 24 қарашада әйел Шу қаласындағы ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оның басынан ауыр жарақат алғаны, миы шайқалғаны және денесінде көптеген көгерген із болғаны анықталған.

Марқұмның қызы анасына бір күн бұрын бұрынғы бірге тұрған ер адам қол көтергенін, содан кейін әйел есінен танып қалғанын айтқан. Ер адам жедел жәрдемді өзі шақырғанымен, оқиғадан шамамен 10 сағат өткен соң ғана хабарласқан. Кейін ол әйелді ұйықтап жатыр деп ойлағанын түсіндірген.

Жауап алу кезінде күдікті әйелдің қатарынан бес рет өзі құлап қалғанын айтқан.

«Жылдар бойы ұрып келген»

Марқұмның қызы Threads желісіндегі жазбасында анасы бұл ер адаммен шамамен 13 жыл бірге тұрғанын және сол уақыттың бәрінде оның соққысына жығылғанын мәлімдеді.

2025 жылдың жазында олар екі жаққа кеткен. Алайда кейін әйел бұрынғы серігіне қайта бара бастаған. Қызының айтуынша, отбасы анасының сөмкесін қайтарып алған кезде ішіндегі алтын әшекейлері мен ақшасы жоғалғанын байқаған. Марқұмның телефонын полиция тәркілеген.

Сондай-ақ қызы Шу қалалық полиция бөлімшесінде отбасының арызын бастапқыда қабылдағысы келмегенін алға тартты. Марқұмның туыстары полиция департаментінен, прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі ерекше бақылауға алуды сұрады.

Сізге қызық болуы мүмкін