×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Атом саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек: қаржы қалай жұмсалады

Атом саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек: қаржы қалай жұмсалады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда атом және энергетикалық жобаларды дамытуға 6,4 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

Ең көп қаржы радиациялық қауіпсіздік саласына бағытталады. Бұл мақсатқа 2,7 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар, ядролық қорғанысқа – шамамен 44 миллион теңге қажет.

Маңғыстау облысы – 1,7 миллиард теңге бөлінеді. Бұл өңірде Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) жұмыс істейді. Қаражат қауіпсіздік шараларын күшейтуге жұмсалады.

ЗЕРТТЕУ

Қолданбалы ғылыми зерттеулер — атом саласындағы ғылыми ізденістерге 1,8 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.

Ядролық сынақтарды бақылау — бұл бағытқа 127,5 миллион теңге бөлінбек.

Серіктес жаңалықтары