Рим Папасы Франциск қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Рим папасы Франциск 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі Ватиканға сілтеме жасап хабарлады.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Франциск — Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск — бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.
Жақында ол өкпе дертіне байланысты, оның ішінде, бронхит пен пневмониямен ауырып, Римдегі Джемелли клиникасына жатқызылған еді. Бұл оның понтифик кезеңіндегі төртінші әрі ең ұзақ ауруханаға жатуы болған.
Айта кетейік, Рим папасы 2022 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын.