×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Ақтөбенің әкімі қызғалдық жұлғаны рас па

Бүгін, 20:55
Ақтөбенің әкімі қызғалдық жұлғаны рас па
Әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысындағы, Кұдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаева қолында дала қызғалдақтарымен түскен суретін әлеуметтік желіге жариялаған соң, бұл жайт қоғам назарын аударды. Фото әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тұрғындар наразылық білдіріп, шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГҮЛДЕР СИРЕК ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН ТҮРЛЕРГЕ ЖАТА МА?

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, дәл қазір бұл қызғалдақтардың сирек кездесетін, қорғауға алынған түрлерге жататыны анықталып жатыр. Сол деректерге сүйене отырып, құқықтық баға беріледі.

АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Оның құрамына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің өкілі және аудандық полиция қызметкері енген. Комиссия жағдайды егжей-тегжейлі қарап, тиісті шешім қабылдайды.

"ГҮЛДІ ҚЫЗДАРЫМ ЖҰЛҒАН, МЕН ТЕК СУРЕТКЕ ТҮСТІМ"

Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, Ляззат Бердібаева бұл гүлдерді өзі жұлмағанын, оларды оның қыздары жинап бергенін айтқан. Әкім тек қолына ұстап суретке түсіп, оны WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойған.

Серіктес жаңалықтары