×
521.53
601.01
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.53
601.01
6.43

Рим Папасы Франциск неден қайтыс болған

Рим Папасы Франциск неден қайтыс болған
Фото: catolicnews.org.uk - Marcin Mazur

Рим папасы Франциск неден қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Рим Папасы  Франциск инсульт пен жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды. NBC News мәліметінше, бұл туралы Ватикан берген өлім туралы ресми куәлікте жазылған.

Құжатта өлімнің себептері ретінде: миға қан құйылу (инсульт), кома және жүрек-қантамыр жүйесінің қайтымсыз күйреуі көрсетілген.

ҚҰЖАТ

Куәлікке Ватиканның денсаулық сақтау басқармасының директоры, профессор Андреа Арканджели қол қойған.

Сондай-ақ, құжатта понтификтің денсаулығына қатысты бұрыннан белгілі бірқатар аурулар да жазылған. Атап айтқанда, ол жақында ауруханаға жатқызылған қосжақты өкпе қабынуы (пневмония), артериялық гипертония және 2-типті қант диабетімен ауырған.

Ресми өлім уақыты – 21 сәуір, жергілікті уақытпен 7:35. Франциск 88 жасында өмірден озды.

ФРАНЦИСК ТУРАЛЫ

Франциск — Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск — бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.

Жақында ол өкпе дертіне байланысты, оның ішінде, бронхит пен пневмониямен ауырып, Римдегі Джемелли клиникасына жатқызылған еді. Бұл оның понтифик кезеңіндегі төртінші әрі ең ұзақ ауруханаға жатуы болған.

Айта кетейік, Рим папасы 2022 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын. 

КЕЛЕСІ ПАПА

Еске салайық, күні кеше келесі Рим Папасы тарихта алғаш рет Азиядан сайлануы мүмкін екенін хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары