Сәуір айында Ресейден Үндістанға жеткізілетін мұнай көлемі тәулігіне 2,15 миллион баррельге дейін өседі. Бұл – 2023 жылдың мамырынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САНКЦИЯЛАРДАН КЕЙІНГІ ҚАЛПЫНА КЕЛУ
Ресей мен Үндістан арасындағы мұнай саудасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден енгізген "көлеңкелі флот" пен Ресейдің мұнай секторына қарсы санкциялардан кейін "қалыпты деңгейге" қайта оралды, деп жазады Bloomberg.
РЕСЕЙДІҢ МҰНАЙЫ – ҮНДІСТАН ҮШІН ТИІМДІ ТАҢДАУ
Kpler компаниясының жетекші сарапшысы Сумит Ритолияның айтуынша, Ресейден келетін мұнай, әсіресе Urals маркалы мұнай, Батыс Африка немесе Таяу Шығыстан келетін мұнаймен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Сондықтан үнділік мұнай өңдеуші компаниялар үшін ресейлік шикізат экономикалық жағынан тиімді болып отыр.
БОЛАШАҚТА МҰНАЙ ЖЕТКІЗУ АЗАЮЫ МҮМКІН
Дегенмен, сарапшы алдағы айларда Ресей ішіндегі мұнай өңдеу көлемінің артуына байланысты Үндістанға жеткізілетін мұнай көлемі азаюы мүмкін екенін де атап өтті.
РЕСЕЙ – ҮНДІСТАННЫҢ ҮШ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН НЕГІЗГІ ЖЕТКІЗУШІСІ
Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей үшінші жыл қатарынан Үндістанға мұнай жеткізетін басты ел ретінде қалып отыр. Қазіргі уақытта Үндістан импортының 36 пайызы Ресейден келеді. Бұл ретте Үндістанның ОПЕК елдерінен мұнай сатып алуы тарихи минимумға дейін төмендеген. Сауд Арабиясынан жеткізілім 14 жылда, ал Ирактан 4 жылда ең төменгі көрсеткішке жеткен.