Қазақстандықтар мамыр айында бірнеше қосымша демалыс күндеріне ие болады. 2025 жылы ел тұрғындары Бірлік күні (1 мамыр), Отан қорғаушы күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр) мерекелеріне орай демалады. Демалыс кестесі жұмыс аптасының ұзақтығына қарай әртүрлі болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІК КҮНІ
Бес күндік жұмыс аптасы
1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
2 мамыр (жұма) – жұмыс күні
3 және 4 мамыр (сенбі және жексенбі) – демалыс
Алты күндік жұмыс аптасы
1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
2 және 3 мамыр (жұма және сенбі) – жұмыс күндері
4 мамыр (жексенбі) – демалыс
7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ
Бес күндік жұмыс аптасы
7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
8 мамыр (бейсенбі) – жұмыс күні
9–11 мамыр (жұма – жексенбі) – демалыс
Алты күндік жұмыс аптасы
7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
8 мамыр (бейсенбі) – жұмыс күні
9 мамыр (жұма) – демалыс
10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
11 мамыр (жексенбі) – демалыс
2025 ЖЫЛЫ МАМЫРДА НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАМЫЗ?
Бес күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр, 7 мамыр, 9–11 мамыр – барлығы 5 қосымша демалыс күн
Алты күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр, 7 мамыр, 9 және 11 мамыр – барлығы 4 қосымша демалыс күн