×
521.53
601.01
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.53
601.01
6.43

Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді: таңдауы кімге түсті

22.04.2025, 23:35
Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді: таңдауы кімге түсті
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан отбасын құрды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЙ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, салтанатты шара ел астанасындағы сәнді мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға қазақстандық спорт жұлдыздары — Серік Сәпиев, Төрехан Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Қазақстанның бокс құрамасының басқа да мүшелері қатысты.

КҮРЕС ШЕБЕРІНІҢ ОТБАСЫ

Ризабек Айтмұхан бұл қуанышты жаңалықпен Instagram желісінде бөлісті. Ол өзінің үйлену тойынан қарапайым фотосуретті жариялаған. Белгілі болғандай, әйелі де спорт саласындағы кәсіби маман. Ол гимнастикадан спорт шебері.

ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2023 жылы Ризабек Айтмұхан Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында 92 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстанның еркін күрес тарихындағы тұңғыш әлем чемпиондығы болып саналады.

Серіктес жаңалықтары