АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионаты рекорд жаңартты. FIFAтурнирдің қаржылық табысын бұрын-соңды болмаған 871 миллион доллар деңгейінде белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
48 команда қатысқан биылғы әлем чемпорнатын жеңіп алған Испания құрамасы 51 миллион доллар сыйақы алды. 2022 жылы Қатарда өткен додада чемпион атанған Аргентине 42 миллион доллар алған болатын.
Турнирдің жүлде қоры төмендегідей бөлінді:
Қаржылай сыйақыдан бөлек, биыл футбол тарихында алғаш рет чемпион атанған барлық ойыншылар мен бапкерлер құрамына FIFA-ның арнайы жүзіктері табысталды.
Бұл жаңашылдық АҚШ спорт лигаларының (NHL, NBA, NFL) дәстүріне негізделген.
Фото: FIFA
Қолдан соғылған бұл бағалы жүзіктердің бір бетінде әлем кубогы бейнеленсе, екінші бетінде жеңімпаз команданың (Испанияның) символикасы мен әр ойыншының жеке нөмірі қашалып жазылған.
Финалдан кейін Испания құрамасының капитаны мен бас бапкеріне жүзіктер бірден табысталды. Қалған ойыншаларға өлшемдерін реттеп бергеннен кейін табысталады.
Бұл жүзіктердің 30 данасы чемпион командаға берілсе, тағы 1996 данасы ресми түрде 12 мың долларға сатылымға шығарылады.
20 маусымға қараған түні әлем чемпионатының финалында Испания Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.