×
518.34
591.06
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
591.06
6.27

Украинаға қарсы соғыста қытайлықтар Ресей жағында соғысып жүр

Украинаға қарсы соғыста қытайлықтар Ресей жағында соғысып жүр
Ашық дереккөзден

Украинаның сыртқы істер министрлігі 22 сәуір, сейсенбі күні Қытайдың Киевтегі елшісі Ма Шенкуньді ведомствоға шақырып, Қытай Халық Республикасының азаматтарының Ресей жағында соғыс әрекеттеріне қатысқаны туралы дәлелдерді ресми түрде табыстады. Бұл туралы ақпарат министрліктің ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫТАЙ

Кездесу барысында Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Перебийнис Қытай азаматтарының Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты өз елінің терең алаңдаушылығын білдірді. Сонымен қатар, ол кейбір қытайлық компаниялардың Ресей армиясына қажет әскери өнімдер өндірісіне қатысы барын айтып өтті.

Перебийнистің айтуынша, бұл әрекеттер Киев пен Бейжің арасындағы стратегиялық әріптестік рухына қайшы келеді.

- Аталған фактілерге қатысты дәлелдер Қытай тарапының қолына берілді. Украина Бейжіңнен Ресейдің агрессиясын қолдауды тоқтатуға бағытталған нақты шаралар күтеді, деді ол.

ҚЫТАЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМ

Украина тарапы Қытаймен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Алайда осындай жағдайлардың қайталанбауын және екі ел арасындағы қарым-қатынасқа зиян келтірмеуін қалайды.

СОҒЫСҚА ҚАТЫСҚАНДАРДЫ СОТТАУ

Еске салайық, бұған дейін заңгер Айман Омарова Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Ресей үшін соғысқан қазақтар елге келсе қанша жылға сотталатынын айтып берген болатын. 

Заңгер Айман Омарованың сөзінше, шетелде басқа мемлекеттің мүддесі үшін барып соғысу – қылмыс. Ол баптар бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деп аталады.

Олар соғысқа Ресейдің атынан қатысып жатыр. Қылмыстық кодексте 170-бап бар. “Жалдамалылық” деп аталады. Соның 3 және 4 бөлігі бойынша қылмыстық құрам бар болуы мүмкін, – дейді ол.

Аталған баптың үшінші және төртінші бабы “жалдамалының қарулы қақтығысқа, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы” және “адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет” деп аталады. Осы қылмысты жасаған адамдардың мүлкі тәркіленіп, 7-10 жылға және 15-20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Төртінші бөлігі бойынша соттаса, тіпті Қазақстан азаматтығынан айырады.

Серіктес жаңалықтары