×
518.07
595.21
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.07
595.21
6.37

Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаяты негізінде фильм түсіріледі

Бүгін, 16:34
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаяты негізінде фильм түсіріледі
Ұлысмедиа коллажы

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенаторларға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бектеновтің жауабында Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы негізінде көркем фильм түсіру мәселесі бойынша қазір қолайлы сценарийлерді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны аталып өткен. Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде көркем фильм секциясында «ТАЗЫ» сценарийі, ал деректі фильм секциясында «Тазы. Ветры степей» сценарийі қаралады. 

ТАЗЫ ЭКСПОРТЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ

Депутаттар ит тұқымын сақтау үшін тазыны сыртқа шығаруға тыйым салуды ұсынған еді. Алайда Үкімет бұл бастаманы қолдамады.

Бүгінде Жапонияда немесе Түркияда Кангал, Акита, Шиба ит тұқымдарын экспорттауға ресми тыйым салынғаны туралы сенімді ақпарат жоқ. Түрікменстанда түрікмен алабайының мемлекеттік деңгейде қорғалуына және оны әкетуге тыйым салынғанына қарамастан, алабай FCI-де басқа атаумен және ол елден тыс басқа жерде тіркелді. Мұндай жағдайда тұқымның халықаралық деңгейде сол ұлттың атымен танылуы жоққа шығарылады. Осыған байланысты қазақы иттердің тұқымын халықаралық деңгейде тану кезеңінде оларды экспорттауға тыйым салу орынсыз деп есептейміз, – делінген жауапта.

Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заң шеңберінде Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылған. Бұл орталық қазақтың таза тұқымды иттерін өсіруді бақылап, иттерді сынап көреді, олардың көрмелерін, байқаулары мен жарыстарын ұйымдастырады.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес қазақы ит тұқымдарының тазалығын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, қазіргі кезеңде оларды будандастыру үшін қосымша жауапкершілік нормаларын белгілеуге әлі ерте деп есептейміз, – делінген жауапта.

3 қыркүйекте тазы мен төбет күні ретінде белгілеу мәселесі аталған қоғамдық ұйымдармен, кинологтармен және тазы мен төбет селекционерлерімен талқыланған. Қазақы ит тұқымының халықаралық деңгейде алғаш тіркелуіне, сондай-ақ «қазақ тазысының» алдын ала ресми халықаралық деңгейде танылуына байланысты ғана келешекте осы мәселе қаралуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары