Астанада аулада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
Қайғылы оқиға қаланың әл-Фараби көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Dongfeng маркалы жүк көлігі велосипедпен жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақаттарының салдарынан аман алып қалу мүмкін болмаған – бала қайтыс болды.
Оқиға тұрғын үйлер арасындағы аулада болған. Алдын ала деректер бойынша, 38 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі аулада қозғалыс кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, баланы қағып кеткен.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Бұл дерек бойынша жасөспірімнің өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге аула ішінде және тұрғын үй алаптарында ерекше мұқият және сақ болу қажеттігін ескертеді.
АЛМАТЫДАҒЫ ОҚИҒА
Еске салайық, осыған ұқсас жағдай 4 сәуір күні Алматыда болған еді. Анасының көзінше жүк көлігі 2017 жылы туған баланы басып кетті. Оқиға Беларусь азаматы басқарған көліктің кесірінен болды. Бала оқиға орнында жан тапсырды.
Видеодан баланың анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен. Бұл қайғылы оқиға баланың анасының көз алдынд болған.