Ресейде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған шаралар мен "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге тыйым салынған елдердің тізімі жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
News.ru авторлары мұндай шектеулердің енгізілуін антиресейлік риториканың күшеюімен байланыстырады. Тек кейде ғана олар мұның басты себебі ретінде «арнайы әскери операцияны» (СВО) атайды.
Латвия
2023 жылғы сәуірде Латвия Сеймі 9 мамырды мереке ретінде атап өтуге үзілді-кесілді тыйым салатын заң қабылдады. Ресеймен байланысты барлық символдарға — Георгий лентасына, шерулерге, митингілерге, пикеттерге, сондай-ақ кеңестік және ресейлік рәміздерді пайдалануға тыйым салынды. Бұдан бөлек, бұзылған ескерткіштерге гүл қою да заңмен шектелген.
Эстония
Жеңіс күніне байланысты кез келген рәміздерге, соның ішінде Ресей мен КСРО туына, Георгий лентасына, Z және V әріптеріне, кеңестік әскери формаға тыйым салынған. Мұндай символикамен кез келген шеру мен бұқаралық жиын өткізуге жол берілмейді.
Литва
Ресей мен КСРО-ның рәміздерін көрсетуге — Жеңіс туы мен Қызыл жұлдызды қоса алғанда — тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ кеңестік символика мен соғыс жылдарындағы әндерге де шектеу қойылған.
Украина
2015 жылдан бастап Жеңіс күніне арналған парадтарға тыйым салынған. Оның орнына «Қасірет пен татуласу күні» белгіленді.
Германия
Шығыс Берлинде орналасқан кеңестік ескерткіштердің маңында 8 және 9 мамыр күндері ресейлік рәміздерді — РФ туы, Георгий лентасы, әскери форма, Z және V әріптері — көрсетуге тыйым салынған. Сонымен қатар, ескерткіш маңында соғыс әндерін орындауға да рұқсат жоқ.
2025 жылы Украинадағы соғыс аясында Аустрия, Бельгия, Дания, Ирландия, Италия, Польша, Румыния, Франция, Чехия, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания елдері Мәскеудегі Жеңіс парадына қатыспайтындарын және 9 мамырды «ресейлік стильде» атап өтуге қолдау көрсетпейтіндерін мәлімдеді.
АҚШ
2015 жылдан бері тыйым күшінде. Украинадағы соғыс басталғалы бері еске алу шеруі мен мемориалдарға гүл қою рәсімдеріне де шектеу қойылған.
Ұлыбритания
2022 жылдан бастап Лондонда шерулерге ғана емес, мемориалдарға гүл шоқтары мен веноктар қоюға да тыйым салынған.
Ирландия
Бұл акцияға 2022 жылдан бастап тыйым салынған.
Қазақстан
2022, 2024 және 2025 жылдары «Мәңгілік полк» шеруі қауіпсіздік және «мүмкін болатын арандатуларға» байланысты өткізілмеді. 2023 жылы шара «Батырларға тағзым» атауымен ұйымдастырылды.
Қырғызстан2024 жылы Бішкекте шеру қауіпсіздік пен «арандату қатері» себепті өткізілген жоқ.
Тәжікстан
2017 жылы бұл елдің билігі «Мәңгілік полк» акциясын ислам дәстүрлері марқұмдардың портреттерін жария түрде көрсетуді құптамайды деген уәжбен тоқтатты.
Литва, Латвия және Эстония
Жеңіс күніне байланысты кез келген салтанатты шаралардан бас тартып отыр.