×
$
440.86
€
500.77
₽
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
440.86
€
500.77
₽
5.27

Украина Қара теңіздегі және Ресейдегі мұнай нысанына соққы жасады

Бүгін, 14:42
Украина Қара теңіздегі және Ресейдегі мұнай нысанына соққы жасады
Ulysmedia

Украина президенті Владимир Зеленский Қара теңіздегі, сондай-ақ Ресейдің Орлов, Самара және Брянск облыстарындағы бірнеше нысанаға соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Зеленскийдің айтуынша, Қара теңіздегі нысандардың біріне соққы жасалған. Ал Орлов облысында шабуылдаушы дрондарды іске қосу және сақтау орны нысанаға алынған.

Сондай-ақ Украина тарапы Самара облысындағы мұнай нысаны мен Брянск облысындағы әскерді жабдықтау қоймасына соққы жасалғанын хабарлады.

– Бүгін де біздің алыстан жасалған соққыларымыздың маңызды нәтижелері бар. Қара теңіздегі нысанаға, сондай-ақ Орлов өңіріндегі шабуылдаушы дрондарды іске қосу және сақтау орнына соққы жасалды. Самара өңіріндегі мұнай нысанына және Брянск өңіріндегі оккупанттарды жабдықтау қоймасына да соққы берілді, – деп жазды Зеленский.

Соққылар жалғаса береді

Украина президенті алыс қашықтықтағы соққыларға қатысып жатқан әскери қызметшілер мен қорғаныс саласының мамандарына алғыс айтты.

– Ресейдің бұл соғысты жалғастыру мүмкіндігін одан әрі шектей береміз, – деді Зеленский.