×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

Құрметті күшпен ала алмайсың — Өзбекстан депутаты тілге тиіскен Лавровқа жауап берді

Құрметті күшпен ала алмайсың — Өзбекстан депутаты тілге тиіскен Лавровқа жауап берді
Ulysmedia.kz коллажы

Өзбекстандық шенеуніктер Мәңгілік алау алдында өзбек әріптесіне орысша жазылмапты деп «ескерту» жасаған Ресейдің сыртқы істер министр Сергей Лавровқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРТИЯ ЖЕТЕКШІСІ НЕ ДЕЙДІ

Алдымен «Миллий тикланиш» партиясының жетекшісі Алишер Қадыров Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Өзбекстандағы орыс тіліне қатысты айтқан сөздеріне жауап берді.

– Ресей саясаткерлері түрлі жолмен Өзбекстанда орыс тілі мен мәдениетіне деген көзқарасты нашарлатқысы келеді. Неге жастар ешкім мәжбүрлемесе де, ағылшын, неміс, түрік, араб тілдерін үйреніп жатыр? Өйткені адамдар өз еркімен тіл үйренгісі келеді. Ал Лавров мырза құрметті күшпен талап ету, не жасанды түрде қажетті етіп көрсету керісінше әсер ететінін жақсы түсінеді, дейді Қадыров.

Сондай-ақ Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Қудратходжа да Лавровтың сөздеріне қатысты пікір білдірді. Ол әр мемлекеттің қандай тілде ескерткіштер мен тақтайшалар орнататынын өзі шешуге құқылы екенін айтты.

– Өзге елдің министрі келіп, біздің ішкі шешімдерімізді сынауы дұрыс емес. Біз – біреудің отары емеспіз! – деп атап өтті ол.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқандағы «Қайғы жамылған ана» мемориалына барған сәтінде онда тек өзбек және ағылшын тілдерінде жазу жазылғанына назар аударған болатын

Лавров бұл жайтты Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа айтып өтті.

Қарасам, ағылшынша жазу тұр. Ал орысшасы көрінбейді. Ана – ең қасиетті ұғым, – деді Лавров ТАСС агенттігі келтірген сөзінде.

Сөз болып отырған жазу: "You are always in our heart, my dear", яғни «Сен әрдайым жүрегіміздесің, қымбаттым» деген мағына береді.

Серіктес жаңалықтары