×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады

Бүгін, 09:42
Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады
Жасанды интеллект/ Ulysmedia

27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт Бостандық ауданындағы қонақүй бөлмелерінің бірінде тұтанған.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді. Нақты деректерге сәйкес, Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүйдің жатақханаға бейімделген бірінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан, – делінген хабарламада.

ТЖМ күштері баспалдақпен 100 адам эвакуациялағаны белгілі болды.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 сәуірде Астанадағы жатақханада өрт шыққанын жазған едік.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. 1 600 шаршы метр аумақты толығымен сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары