×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Мәсімовтің зәулім үйінде кім тұратыны белгілі болды

Бүгін, 19:25
Мәсімовтің зәулім үйінде кім тұратыны белгілі болды
Ulysmedia коллажы

Астанада ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі үй әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін тәркіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘКІМДІК РЕСМИ СҰРАНЫС ЖАСАДЫ

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінен осы нысанды әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу үшін беру туралы ресми өтініш түскен.

"Әлеуметтік маңыздылығы мен заң талаптарын ескере отырып, нысан электрондық сауда жоспарының тізімінен алынып тасталды. Алдағы уақытта бұл нысанды пайдалану тәртібі жергілікті атқарушы органның мүддесі ескеріліп, заңнамаға сәйкес анықталады", – деп хабарлады компания.

ҚАНДАЙ ҮЙ ЖАЙЫНДА СӨЗ БОЛЫП ОТЫР?

Әңгіме елордадағы Нұра ауданында орналасқан Қараоткель ықшамауданындағы сәнді особняк туралы. Бұл нысан Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында тұрған. Оның бастапқы сатылым бағасы 1,6 миллиард теңге болған.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралы бұған дейін кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратқан еді. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Зәулім үй екі рет аукционға шығарылғанымен сатып алушылар табылмады. 

Серіктес жаңалықтары