×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Салық кодексі: жауапты министр Жұманғарин мен Тәкиев мәжіліске келмеді

Салық кодексі: жауапты министр Жұманғарин мен Тәкиев мәжіліске келмеді

Мәжілісте бүгін салық кодексінің жобасы екінші оқылымда қаралады. Бірақ бұл жолы жауапты министрлерден Серік Жұманғарин де, Мәди Тәкиев та келмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Серік Жұманғариннің де, Мәди Тәкиевтің де келмеуін қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ulysmedia тілшісіне түсіндіруге тырысты. Біржановтың сөзінше, регламентке байланысты бірінші оқылымда министрдің өзі келіп баяндама жасаған. 

- Ал екінші оқылым кезінде бірінші басшы баяндама жасамайды. Оны жұмыс тобының басшысы жасайды. Ол – парламент депутаты Бейсенғалиев. Басқа депутаттар қосымша баяндама жасайды. Сондықтан бүгін министр жоқ, дейді Ержан Біржанов. 

Оның сөзінше, салық кодексіне байланысты бірінші оқылымда көп сұрақ қойылып, талқылаулар жүргізілген. 

- Оның қорытындысын жұмыс тобының басшысы шығарады. Қалай дауыс беріледі, соған байланысты болады. Жұмыс топтары күнделікті өткізілді, дейді Біржанов Ұлысмедиа тілшісіне. 

САЛЫҚ КОДЕКСІ

Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар Салық кодексі жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Атап айтқанда, қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 16% болады. ҚҚС салынатын шек – 40 млн теңге. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология салалары ҚҚС төлеуден босатылады.

Әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласында ҚҚС-тан босатылатын дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін Үкімет белгілейді. Тек ақылы медициналық қызметтерге ҚҚС 10% мөлшерлемесімен салынады. Әлеуметтік салада корпоративтік табыс салығы (КТС) 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10% болады.

Серіктес жаңалықтары