×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Ресей Қазақстаннан жеткізілген ондаған тонна көкөністі қабылдамай қойды

Ресей Қазақстаннан жеткізілген ондаған тонна көкөністі қабылдамай қойды
фото: zr.ru

Жалпы салмағы 170 тонна болатын көкөніс тиелген көліктер Ресей мен Қазақстан арасындағы шекарадан кері қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

uralpress.ru мәліметінше, өнімдер "Бугристое" бақылау-өткізу бекетінде қалып қойған. Себеп — фитосанитарлық талаптардың бұзылуы.

– Қаптамадағы таңбалаудың өнімге сәйкес келмеуіне байланысты Түркістан облысынан Омбыға бағытталған Қытайдан шыққан 18,7 тонна цуккини мен лимон, Алматыдан Мәскеу облысына жеткізіліп жатқан Иран мен Вьетнамнан шыққан 20,9 тонна мейіз бен кешью жаңғағы шекарадан өткізілмеді, – деді Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының өкілі Татьяна Нахтигаль.

Бұдан бөлек, таңбалаудың болмауына байланысты мына өнімдер де Ресей аумағына кіргізілмеді:

Қостанай облысынан Беларуське бағытталған 30 тонна түрік күнбағыс тұқымы,

Солтүстік Қазақстан облысынан Қорған қаласына жеткізіліп жатқан 40 тонна пәкістандық картоп.

Сондай-ақ, Қазақстаннан әкелінген 60 тонна жаңа орамжапырақ та шекарадан өте алмады. Бұл жолы тасымалдау шарттарының бұзылуы себеп болған.

– Фитосанитарлық талаптар бұзылған барлық өнім Ресейге жіберілмей, қайтадан шыққан елге кері қайтарылды, – деді Татьяна Нахтигаль.

Серіктес жаңалықтары