×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

«Орыс тілі де -өз тілім» - Хабар арнасының директоры

Бүгін, 19:30
«Орыс тілі де -өз тілім» - Хабар арнасының директоры
Әлеуметтік желіден

"Хабар" агенттігіне қарасты "Хабар" телеарнасының директоры Жайнагүл Төлеміс осындай жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фейсбук желісіндегі парақшасында “Хабар” директоры Жайнагүл Төлеміс өзінің бірнеше тілді қалай меңгергенін тәптіштеп тұрып жазған. 

“Мектеп жасынан ең бірінші игерген шет тілім француз тілі болатын. Жаңа тіл арқылы жаңа елдің мәдениетіне деген құрмет оянды. Авторларын таныдық, Сорбонна жөнінде армандай бастадым. Сол арман мені бір күні Эйфель мұнарасының жанына да жеткізді. Француз тілі -әуезді де бай тілдердің бірі. Және француздардың қазаққа ұқсайтын тұстары көп. Олар да еріндік дыбыстарды жақсы көреді”- дейді ол. 

Осылай деген жазба авторы кейін араб тілін меңгергенін баяндайды. 

“Араб әріптерін танығаннан кейін, кейбір қазақ сөздерінің қайдан келгенін дыбысталуынан-ақ болжай бастадым. Айтпақшы, кітап сөзінің тегі осы тілде жатыр. Біздегі Ләйлә леген қыздың есімі арабша түн деген мағынаны меңзейді. Араб тілін игеру арқылы біршама төте жазуды да тани бастадым. Ахмет Байтұрсынұлының кітаптарын төте жазу арқылы оқығанда қуанғанымды көрсеңіздер...Бүгінде тегі парсы, араб сөздерді сыртқы формасына қарап ақ болжап тұрам” – дейді Жайнагүл Төлеміс. 

Сосын Жайнагүл Төлеміс орыс тілін де жетік меңгергенін жазып тіпті “өзім тілім” дейді. 

“Орыс тілі де -өз тілім. Талай шығарманы жатқа оқимын. Қиналғанда кейбір классиктерінің ой оралымдары демеу болады”- деп жазды автор. 

Кейін ағылшынды да игергенін және сонымен қатар не үшін күрсінгенін де бүгіп қалмаған. 

“Төртінші игерген шет тілі - ағылшын тілі. Ағылшын тілі арқылы лексиконыма латынның ондаған мың сөзі кірді. Демек мен тек ағылшын тілін ғана емес, сол тілдегі негізқұраушы ататілдердің кейбірін танып білуге мүмкіндік алдым. Ағылшынды танығаннан кейін орыс тіліне кейбір сөздердің қайдан, қалай кіргенін де түсіне бастадым. Қазақ тілінде біз әлі атау таңып үлгермеген ұғымдардың барын біліп, күрсіне бастадым” – деп жазды журналист. 

Жазба авторы ойын қазіргі заманда бір тілмен шектеліп қалмау деген месседжбен түйіндейді. 

“Тіл игеру арқылы адам өміріне жаңа авторлар, кейіпкерлер келеді, жаңа таным- түсінік кіреді. Меніңше қазақтың байлығы сол, жанында түрлі мәдениттерді бойына сіңірген сан ұлттың өкілі тұрады. Алысқа барудың да қажеті жоқ. Олардың сыр сандығын ақтарсаңыз, өнер мен мәдениеттің күй сандығы ойнайды. Санаңызды бір тілмен шектемеңіз, шекара қоймаңыз..” – дейді Төлеміс. 

“ХАБАР” АГЕНТТІГІ

"Хабар" агенттігі — Қазақстандағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ол 1995 жылы құрылған және бүгінгі таңда ең ірі медиахолдингтердің қатарына жатады. Агенттік әртүрлі бағыттағы телехабарлар, жаңалықтар, деректі фильмдер, сериалдар мен бағдарламалар шығарады. Және 100 пайыз мемлеттен қаржыландырылады. Агенттік құрамына "Хабар", 24KZ", "El Arna" телеарналары кіреді. Агенттікті қазір медиамаман Кемелбек Ойшыбаев басқарады. Агенттіктің алғашқы директоры экс президенттің үлкен қызы Дәриға Назарбаева. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Атыраулық тұрғын қоңырау шалғанда оператордың хабарламаны өзге тілдерде оқығанына наразы болған еді. 

Серіктес жаңалықтары