×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі туындады

Бүгін, 13:43
Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылды су басу қаупі туындады
ТЖМ

СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Ольшанка, Долматова және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы 1868 адам, 125 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 28 350 дана қапшықтар және 2 295 тонна инертті материал төселді, – делінген ТЖМ мәліметінде.

Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 20 100 т.м. су сорылған. Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауына алынған.

Серіктес жаңалықтары