×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Темірлан Еңсебек сотталғаннан кейін Qaznews24 редакциясы мәлімдеме жасады

Бүгін, 14:12
Темірлан Еңсебек сотталғаннан кейін Qaznews24 редакциясы мәлімдеме жасады
Ulysmedia коллажы

Редакция Темірлан Еңсебек енді Qaznews24 жұмысына араласпайтынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Темірлан ең әуелі Qaznews24 жұмысын жалғастырғанын қалады. Сатира үні бәсеңдеп қалмасын деді. Сөз еркіндігі қаншалықты басылып тұрса да, болғанын тіледі, – делінген мәлімдемеде.

Темірлан Еңсебек енді редакция жұмысына араласпайды. Жобадан шыққан ол үшін Qaznews24 аккаунты жабық екені хабарланды.

СОТ ҮКІМІ

Сот Темірлан Еңсебекті 5 жылға бостандығынан шектеген. Оған берілген жаза мынадай:

  • Бес жыл бас бостандығын шектеу
  • Айғақты заттар (телефон мен ноутбук) мемлекет пайдасына тәркіленеді
  • 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл

Сондай-ақ, оған журналистік, құқық қорғау және саяси қызметпен айналысуға, волонтерлікпен және қайырымдылықпен айналысуға да бейбіт жиындарға қатысуға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Адвокаттың апелляция беруіне 15 күн бар.

ІСТІҢ МӘНІ НЕДЕ

Темірлан Еңсебекке қатысты іс бір ғана эпизодтан тұрады. Ол — 2024 жылдың 21 қаңтарында Qaznews24 сатиралық арнасында және Instagram парақшасында жарияланған жазба. Онда "Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап жолдады" деген сипаттағы жазба жарияланған. Жазбамен бірге авторы белгісіз музыкалық композиция берілген. Ән мәтінінде ұлтаралық сипаттағы анайы, балағат сөздер кездеседі, атап айтқанда — орыс ұлты өкілдеріне бағытталған өте ауыр әрі қорлайтын сөздер бар.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

2021 жылдың мамыр айында Темірлан Еңсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.

Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары