АҚШ президенті Дональд Трамптың ең жақын серіктерінің бірі саналатын республикалық сенатор Линдси Грэм Ресейге қарсы "соққы беретін" жаңа санкциялар жөнінде заң жобасын дайындады. Оның айтуынша, бұл бастаманы қазірдің өзінде 72 сенатор қолдап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Заң жобасында ресейлік мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ немесе уран сатып алатын елдерден келетін импортқа 500 пайыздық кедендік баж салығы енгізу көзделген. Сондай-ақ АҚШ азаматтарына Ресейдің егеменді мемлекеттік қарызын сатып алуға тыйым салынбақ.
Грэмнің айтуынша, ол бұл бастаманы АҚШ өкілдер палатасында қарауға жеткілікті қолдауға ие. Заң жобасын 72 сенатор қолдаған.
Мен бұл соғыстың келіссөздер арқылы әділ әрі шынайы жолмен тоқтағанын қалаймын. Менің ойымша, Трамп – осы мақсатқа жетуге лайықты адам. Бірақ бұл санкциялар сенаттың көзқарасын білдіреді: біз үшін басты "зұлым" – Ресей, – деді заң жобасының авторы.
Биыл ақпанда Дональд Трамп 2014 жылдан бері Мәскеуге қарсы енгізілген барлық санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзартқан. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашиңтонның Украинадағы қақтығысты реттеуге кедергі келтірмеу үшін жаңа санкциялар енгізуге асықпай отырғанын айтқан болатын.