×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

АҚШ Қытайды тарифтер жөнінде келіссөз үстеліне шақырды

Бүгін, 08:03
АҚШ Қытайды тарифтер жөнінде келіссөз үстеліне шақырды
Ашық дереккөзден

АҚШ бұрынғы президент Дональд Трамп әкімшілігі енгізген жоғары сауда тарифтері бойынша келіссөз бастауға дайын екенін білдіріп, Пекинге белгі берді. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тары Weibo әлеуметтік желісіндегі «Юйюань Тантянь» ақпараттық ресурсының жазбасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақпарат көзінің мәліметінше, АҚШ ресми тұлғалары Қытаймен бірнеше дипломатиялық арна арқылы диалог жүргізіп жатыр. Олар Вашиңтон енгізген 145 пайыздық тарифтерді талқылауға бастамашы болуды көздейді. Бұл баж салығы АҚШ-тың протекционистік сауда саясаты аясында енгізілген.

Сауда қақтығысын жұмсартуға мүдделілік танытқандар қатарында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассет те бар. Олар әлемдегі ең ірі екі экономиканың арасындағы шиеленісті азайтудың маңыздылығын ашық мәлімдеген.

Ал Пекин әзірге сақтық танытып отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай билігі тарифтерді кейінге шегеру немесе алып тастау бағытында белсенді әрекетке барған жоқ. Дегенмен, АҚШ-тың шектеулерінен келетін зиянды азайту үшін ішкі жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, Қытай қарсы бағытта салынған 125 пайыздық баж салығынан бірқатар америкалық тауарды босатқан. Бұл тізімге елдің технологиялық және медициналық саласы үшін аса маңызды фармацевтикалық өнімдердің кей түрлері, микрочиптер мен реактивті қозғалтқыштар кірген.

Скотт Бессенттің мәлімдеуінше, екі ел арасындағы сауда теңгерімсіздігі – келіссөз жүргізудің негізгі себептерінің бірі.

Серіктес жаңалықтары