Катонқарағай ұлттық паркінде Қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа тіркелді. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
- Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда, делінген ұлттық парк жазбасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік «Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінген болатын.
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше оқиға болды: сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті. Кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.
ҚАР БАРЫСЫ
Қар барысы – ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың «қар барысы» деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.