×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Қырғыз депутаты Павел Дуровты іздеуге жариялауды ұсынды

Бүгін, 12:32
Қырғыз депутаты Павел Дуровты іздеуге жариялауды ұсынды
Ұлысмедиа коллажы

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш депутаты Дастан Бекешев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты іздеуге жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғызстанның ІІМ немесе ҰҚК неге Telegram-ды есірткіні тарату қылмысына қатысы бар ретінде тануға әрекет етпегеніне таңым бар, – деді Дастан Бекешев.

Оның айтуынша, мессенджерде есірткіні оңай сатып алуға болатын боттар бар. Депутат бұл жағдайды абсурд деп бағалап, сондай боттардың бірі "адал емес салушылармен" мәселеге тап болып, шығынға ұшырағанын айтты. Тіпті, клиенттеріне ақшаны қайтарып беруге дайын болған.

Бұл не масқара? Орталық Азияда бұған неге ешкім шындап кіріспегеніне таңым бар. Мұндаймен қатаң күресу керек. Павел Дуровты іздеуге жариялау қажет: егер сен мұндай боттармен күресе алмасаң, біз қатаң шараларға көшуіміз керек... Егер ол шекарадан өтсе, мысалы, түрмеге қамалуы мүмкін, – деді Жогорку Кенеш депутаты.

Дуровтың Францияда ұсталғаны

Еске салайық, 26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа айып тағылғанын хабарлады. Тергеу 8 шілдеде басталған. Онда аты аталмаған тұлғаға қатысты 12 қылмыстық айып бар. Соның ішінде: билікпен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін сақтауға және таратуға қатысу, есірткіні сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе тапсыру бойынша сыбайластық айыптары көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары